Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

20 сәуір. Туған күн иелері

20 April 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




69 жыл бұрын (1952) суретші-әрлеуші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Қырым аралы» ғылыми-жаңғырту зертханасының директоры Қырым АЛТЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Бүкілодақтық жаңғырту ғылыми-зерттеу институтының (Мәскеу) түлегі. Қазақстанда, Ресейде және Францияда ежелгі қорғандарды қазуға қатысты. Ағаштан жасалған қолданбалы өнер заттарын жаңғырту жөніндегі кітаптардың авторларының бірі, осы мәселе бойынша халықаралық конференцияларға қатысқан. Ол 1 мыңнан астам ежелгі тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтірді, «Алтын адамды» (Алматы облысы) неғұрлым дәл жаңғырту жөніндегі жұмыстарға қатысты, ежелгі сармат көсемінің қару-жарақтары мен Берел көсемінің аттарының әсем безендірілуі сияқты бірегей жұмыстарды атқарды.




62 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасының Ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі Үсен Әбдіқадырұлы СҮЛЕЙМЕН дүниеге келген.

Түркістан облысында туған. Алматы педагогикалық шет тілдері институтын (1980), Колумбия университетін (АҚШ, 1995); Гонконг университетін (ҚХР, 2013) бітірген. Саяси экономика докторы (Ph.D.). Еңбек жолы: Шымкент педагогикалық институты Шет тілдері кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы (1982-1985); Алматы педагогикалық шет тілдері институты Қазақ тілі кафедрасының тағылымдамашы-зерттеушісі, аспиранты (1985-1990); «Алтын-Алма» орталығының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі аға референті (1990-1991); «Сенім» Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны Протокол бөлімінің жетекшісі, Гуманитарлық бөлімі директорының орынбасары (1991-1992); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының үшінші хатшысы (1992-1994); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері басқармасының үшінші хатшысы (1994-1995); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері жетекші басқармасының екінші хатшысы (1995);Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ілеспе-аудармашысы (1995-1996); Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы (1996-2000); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы (2000-2001); «GoldenEagleServices» мұнай компаниясының корпоративті дамыту жөніндегі менеджері (2001); «Хабар» агенттігі ақпараттық-талдау бөлімінің сарапшысы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) корпоративті дамыту жөніндегі директоры (2002-2004); Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі (2004-2005); Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы (ҚытайХалықРеспубликасы) Бас консулы (2005-2009); Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары (2009-2012); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2012-2016); Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016 жылғы мамырдан бастап); Қазақстан Республикасының ЖаңаЗеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2017 жылғы ақпаннан бастап).

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамыз айынан бастап.




59 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылды аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Әбдікәрімұлы БЕКТАЕВ дүниеге келді.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. Инженер-механик, саясаттанушы. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданы С. Сейфуллин атындағы ұжымшардың бас инженері (1984-1985), Қазақстан Компартиясы Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы (1987-1989), Сайрам ауданындағы Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы (1989-1990), Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары (1992-1994), Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі, спорт және туризм басқармасының басшысы (1994-1999), облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің директоры (1999), Оңтүстік Қазақстан облысының Сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының басшысы (1999-2000), Қазығұрт ауданының әкімі (2000-2002), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2002-2006), Түркістан қаласының әкімі (2006-2008), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2008-2014) болып қызмет істеген.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Құрмет» орденімен марапатталған.




58 жыл бұрын (1963) Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлы дүниеге келді.

Іле Қазақ автономиялық облысында туған. 1987 жылы Бейжің қаласындағы Орталық ұлттық университетін «аудармашы-филолог» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1987-1993 жылдары – ШҰАР Үрімжі қаласындағы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер. 1993-2002 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасының доценті. 2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының доценті болды. 2003-2009 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының меңгерушісі. 2010-2020 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультеті қытай тілі кафедрасының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2020 жылғы маусым айынан бастап.

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарымен марапатталған. Қазақстан жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының және ШЫҰ-ның (Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы) «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық» сыйлығының иегері.




58 жыл бұрын (1963) Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің ректоры – басқарма төрағасы Майнюра Саветқызы МЫРЗАМӘДИЕВА дүниеге келді.

1985 жылыФ.Энгельс атындағы Ленинград сауда-экономикалық институтын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания, АҚШ елшілігінің қызметкері ретінде қызметтер атқарды. 2007-2016 жылдары – Нидерланды Корольдігінде және Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті Елшісі, ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болды.2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың мамыр айынан бастап.




40 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Снежанна Валерьевна ИМАШЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Бекей ауылында туған. 2001 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

«Тұран Әлем Банкі» ААҚ-ның Ақсай филиалында бөлшек кредиттеу маманы (08.2001-09.2001); нотариустың көмекшісі (2001-2003); «Жайық Холдинг» ЖШС-ның заң кеңесшісі (2003-2005); «Ақсайэнерго» ЖШС-ның заң кеңесшісі, өткізу бөлімінің бастығы (2005-2011); «Батыс Энергоресурстары» ЖШС-ның бас директоры (2011-2016). 2016-2021 жылдары – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтар айынан бастап




39 жыл бұрын (1982) ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әшімханұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 2003 жылы КИМЭП университетін (іскерлік әкімшілік бакалавры), 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін (заңгер), 2010 жылы IE Business School Халықаралық бизнес-мектебін (Испания), МВА (іскерлік әкімшілік магистрі) бітірген.

Еңбек жолы: 2003-2004 жылдары – Алматы қаласының «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Қаржы тәуекелдері Департаментінің Әдістеме және талдау басқармасының бас маманы. 2004-2005 жылдары – Алматы қаласының «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Қаржы тәуекелдері Департаментінің Бағалау және тәуекелдерді өлшеу басқармасының қаржы нарығын зерттеу секторының тәуекел менеджері. 2005-2006 жылдары – «Алматы қаласының әкімі аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.2006 жылы – «Алматы қаласының Қаржы департаменті» ММ қаржыландыру жоспарларын жүргізу бөлімінің бас маманы. 2006-2009 жылдары – «Алматы Строй Контракт» ЖШС, «СP Asset Management» ЖШС құрылыс компанияларының қаржы менеджері/қаржы директоры. 2011 жылы – Алматы қаласында «КПМГ ТаксэндЭдвайзори» ЖШС корпоративті келісімдерді сүйемелдеу бойынша 2-бөлімнің аға консультанты. 2011-2012 жылдары – Алматы қаласында «KGF» («КейДжиЭф») ЖШС инвестициялық менеджері. 2012 жылы – Алматы қаласында «Verny Investment Holding» ЖШС Корпоративті қаржы департаментінің аға аналитигі. 2013-2014 жылдары – Астана қаласында «Тау-Кен Самрук» АҚ Корпоративті қаржы департаментінің директоры. 2015 жылы – Астана қаласында «Arai pro» ЖШС-ның даму жөніндегі директоры.

2016-2017 жылдары – Астана қаласында «Казына Капитал Менеджмент» АҚ басқарушы директоры. 2019 жылы – Нұр-Сұлтан қаласында «Kazakhstan Investment Development Fund» Басқарма Төрағасының орынбасары. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі кеңесшісінің м.а., кеңесшісі. 2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы ақпан айынан бастап.




37 жыл бұрын (1984) Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлы СӘБИТОВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор.

Еңбек жолын «Азаматаудит» ЖШС аудиторлық мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2004-2011 жылдары аудитордың аға ассистенті, менеджер-жоба басқарушысы, Алматы қаласындағы өкілдік басқарушысы лауазымдарын атқарған. 2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (2017-2018); Түркістан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (2018-2019). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2019-2020).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазан айынан бастап.


Up