Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

200 мыңнан астам қарағандылық халық санағынан онлайн форматта өтті

21 September 2021 11:19

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында халық санағынан онлайн-режимде 200 мыңнан астам тұрғын өтті. Аймақтар арасында Нұра ауданы көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында онлайн-санақтан 229 194 адам өтті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша халықтың жалпы санына қатысты қамту пайызы 16,7% құрады. Бұл 20 қыркүйек сағат 08: 00-де келп жеткен деректер.

Аймақтар арасында Нұра ауданы көш бастап тұр. Онда тұрғындардың 33,3% интернет-сауалнаманың сұрақтарына жауап берген. Сондай-ақ Осакаров (27,7%) және Ұлытау (26,6%) аудандарында пайыз жоғары.

Балқашта және Бұқар жырау ауданында тұрғындар халық санағына баяу ат салысуда – мұнда халықтың тиісінше 12,7% және 12% ғана өткен.


Up