Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

23 қыркүйекте астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

22 September 2021 23:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де The St. Regis қонақүйінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.

9.30-да Қазақстан машина жасаушыларының IX форумның екінші күні өтеді.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру шаралары туралы брифинг өтеді.

Спикерлер: ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов, ҚР қаржы министрі Е. Жамаубаев, ҚР ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиев.

Брифинг «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде, PrimeMinister.kz сайтында және Үкіметтің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Есіл» ауданының полиция басқармасында «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік оқиғаларының алдын-алу үшін қабылданып жатқан шаралар және жол қозғалысын ұйымдастыру» тақырыбында брифинг өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне «Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін күзгі дала жұмыстарына дизель отынымен қамтамасыз ету туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев; мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байдильдинов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ерекше қажеттілігі бар адамдар жұмыс істейтін мәдениет саласындағы ұйым қызметкерлерінің шығармашылығы туралы «Ónerpaz bolsań…» фестивалі жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев, Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев, «Active life» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арнұр Ысқақов; «Мирас–А» қайырымдылық қоғамдық қорының басшысы Серік Жүзбай.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

17.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

Up