Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әкімдердің жұмысы бизнестің тартымдылығы бойынша бағаланады – Президент

19 May 2022 19:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде әкімдерге бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осында қатысып отырған әкімдер, барлық ескертулерді түртіп алыңыздар. Мұнда бизнес-қоғамдастықтың аз ғана бөлігі отыр. Олардың басым бөлігі өңірлерде, сондықтан шұғыл шешімді қажет ететін қазіргі міндеттер бойынша бірге жұмыс істейік. Әкімдердің жұмысы айтарлықтай дәрежеде бизнестің тартымдылық параметрлері бойынша бағаланатын болады. Мұндай кездесулерді жалғастыра береміз, олар іскерлік сипатта болады», - деді Президент.

Бұған дейін Мемлекет басшысы дағдарыстан шығынсыз шығу керегін, санкцияларды да ескеру қажеттігін айтқан еді.


Up