Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

23 May 2022 18:03

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрінің бұйрығымен Думан Таев Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.

Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавл қаласының ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін, кейін Петропавл қаласының ІІБ басқарды.

Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавл қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.


Up