Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар аман табылды

21 October 2021 18:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жоғалған адамдар бүгін қазанның 21-де күндізгі уақыт 14:00 шамасында Бәйтерек ауылынан 35 шақырым жердегі орман алқабынан табылған.

«Алтынай Балтақожақызы түнде орманда өте суық болғанын айтты. Жұбайы екеуі жол іздеп шаршаған. Жолдасы Қайыржан Баржақсымұлы таяқтың көмегімен қозғалады. Ерлі-зайыптылар өздерін іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын жеткізді. Үйлесімді іс-әрекет пен күш-жігердің арқасында ерлі-зайыпты Баялиндердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», - деді ведомстводан.




Еске сала кетсек, Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптыларға іздеу жарияланған болатын.

Оған барлығы 140-тан астам адам, оның ішінде жүзге жуық полиция қызметкері (6 иісшіл итті бар кинологтар және 25 СОБР қызметкерлері), жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қорықшылар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.





Up