Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада такси жүргізушісін қарақшылықпен өлтіргендер 18 жылға сотталды

20 October 2021 16:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттында такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасап, өлтіріп және көлігін иемденген (Қылмыстық кодекстің 192 бабының 2 бөлігі 1 тармағы, 200 бабының 2 бөлігі 1 тармағы, 9 бабының 2 бөлігі 3,7,10 тармақтары) Бурабай ауданының екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот үкімімен сотталушылардың әрқайсы қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оларға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот жәбірленушілердің сотталғандар Р. және Г-ға материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арызын қанағаттандырып, зардап шеккен тараптың пайдасына сотталғандардан ортақ тәртіппен 10 000 000 теңге өндіріп алды.

«Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғындары, жұмыс істемейтін 22 жастағы Р. мен колледждің 21 жастағы студенті Г. биылғы мамыр айында мас күйінде такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасап, одан ақша ұрлау мақсатында оның ұялы телефонын, автокөлігін иемденіп, өз қылмысын жасыру мақсатында такси жүргізушісін өлтірген. Жүргізушіні кроссовканың бауымен тұншықтырып, мойны мен кеудесін сынған шыны бөтелкенің өткір жиектерімен соққан. Содан кейін күдіктілер көлікті бос жерге тастап, қылмыс орнынан қашып кетті», - деді ведомстводан.


Up