Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

23 July 2021 20:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді. Ал жұмыс және сенбі күндері ерекше санитарлық талап сақталуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева жаңа Қаулыға қол қойды. Талап бойынша жексенбі күні Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік жүрмейді. Ал жұмыс және сенбі күндері автобус ішіндегі орындықтарға отырған жолаушыларды ғана тасымалдауға рұқсат. Әдеттегідей көп шоғырланып, толып мінуге болмайды.

«Санитайзерлерді жолаушыларға қол жетімді жерлерде орнату керек. Жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың маска тағуы міндеттеледі», - деп жазылған Қаулыда.

Айта кетейік, бір тәулікте облыста 230 адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетті. Аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,6% құрады. Қазір емдеу орындарында 545 адам жатыр. Оның 50-і жансақтау бөлімінде болса, бесеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, инфекциялық кереует жүктемесі 53, жансақтау бөліміндегі жүктеме 34 пайызды құрады. Ал үй карантиніндегі адам саны 4600-ден асып кетті.


Up