Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жол жиегіндегі  жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті

28 September 2021 14:36

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жүргіншіні жүк көлігі сүйреп кетті. Ол оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі тіркемесімен мал базары маңындағы айналма жолда жылдамдықты бәсеңдетпей, бір адамды сүйреп кетті. Қаланың 39 жастағы тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

«Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаяу жүргіншілердің жол апатынан алған жарақаты көбінесе ауыр зардаптарға әкеледі. Сондықтан жаяу жүргінші ережелерді білуі және қатаң сақтауы керек. Белгіленген орындарда жолды кесіп өту, жарық шағылыстыратын элементтер кию, жол жиегімен тек көлік қозғалысына қарай жүру маңызды. Жүргіншілерге арналған жол нашар болса да түнде жолдың бойымен жүруге болмайды. Бұл өте қауіпті», - деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Up