Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемнің бірқатар елінде коронавирустың таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді

26 July 2021 02:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасай отырып әлемдегі коронавирустың таралу ахуалына шолу жасайды.

Вьетнамдағы Хошимин билігі қалада коменданттық сағат енгізді. Қаулыға сәйкес 26 шілдеден бастап қала тұрғындарының көшеге шығуына шектеу қойылып, қаладағы барлық қызмет келесі күні сағат 18:00-ден 06:00-ге дейін тоқтатылады. Тек төтенше қызметтердің жұмысына рұқсат етіледі.

Словакия Парламенті елде коронавирус жағдайының өршу кезеңіне байланысты Заң қабылдады. Заңға сәйкес қоғамдық орындарға барған кезде келушілерден коронавирусты анықтауға тапсырылған тесттің теріс нәтижесі туралы анықтама, COVID-19 вирусынан сауыққандығы туралы анықтама немесе вакцинация туралы сертификат талап етілетін болады.
Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәуліктік антирекордтар тіркелді: Малайзияда 17 045 жағдай, Таиландта 15 335 дерек, Қазақстанда 6 631 жағдай анықталды.


Up