Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Әлеуметтік әмиянға» әлеуметтік көмекті қабылдау 1 күнге дейін қысқартылады

20 October 2021 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «әлеуметтік әмиянды» енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жүйесінде белгілі бір кемшіліктер бар. Олардың арасында проактивті есептеу тетігінің болмауы, берешек немесе тыйым салу болған кезде банк шотын ашу кезінде шектеу, әлеуметтік көмек қаражатын пайдалану бойынша ақпараттың болмауы, азаматтардың өздерінің банк деректемесін ұсыну кезіндегі қателік, банк комиссиясын жабуға арналған бюджеттің жоғары шығыстары бар.

Осы кемшіліктерді жою үшін Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ҚР Үкіметіне ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп цифрлық «әлеуметтік әмиянды» енгізу туралы тапсырма берді.

Жобаның негізгі мақсаты - әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, бюджет қаражатынан банк комиссияларына жұмсалатын шығыстарды оңтайландыру арқылы халыққа нысаналы әлеуметтік көмек көрсету.

«Әлеуметтік әмиянды» құру 2023 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 15-20%-ға дейін банк комиссиясын жабуға арналған бюджет шығысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«Жүйені құрудың басты артықшылығының бірі – әлеуметтік көмекті 1 жұмыс күніне дейін қабылдау мерзімін қысқарту және әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде азаматтар үшін электронды әмиянды дереу ашу.

»Әлеуметтік әмиянды« барлық азаматтар үшін олардың ЖСН базасында ашу жоспарланған. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілері мен сауда объектілері үшін олардың ЖСН/БСН базасында «бизнес әмияндар« ашылады, содан кейін әмиянды екінші деңгейдегі банкке таңдау бойынша байлау қажет», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, цифрлық әмиян Ұлттық Банктің жедел төлемдер жүйесі инфрақұрылымының бөлігі ретінде жұмыс істейтін болады.

Халық үшін артықшылығы - тауарды/қызметті сатып алған кезде төлемді смартфон қосымшасы арқылы немесе SMS растау арқылы жасауға болады.


Up