Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әли Ахмедовтің келесі қарсыласы анықталды

8 December 2021 19:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (17-1, 13КО) келесі жекпе-жегін 10 желтоқсанда АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, жекпе-жек Монтебелло қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді. Ахмедовтың қарсыласы мексикалық Пауль Валенсуэла (26-10, 17КО) болады. Екінші орта салмақтағы айқас он раундқа жоспарланған. Айқас Қазақстан уақытымен 11 желтоқсан күні таңертең өтеді.

Қазақстандықтың бұған дейінгі жекпе-жегі де сол қалада биылғы 16 қыркүйекте өткен болатын. Ол перулік боксшы Давид Сегарруді (34-6, 21КО) үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

Валенсуэлаға тоқталар болсақ, ол 13 қарашада Анахаймда америкалық Димитриус Баллардадан (21-0-1, 13КО) төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 2017 жылы Пауль рингте отандасымен кездесіп, бірінші орта салмақтағы болашақ әлем чемпионы Хайме Мунгиядан (38-0, 30КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын.


Keywords: Қоғам, Бокс, Спорт,
Up