Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы әуежайына Ashyq мобильді қосымшасы енгізіледі

7 May 2021 16:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 21 мамырдан бастап Алматы әуежайына жолаушыларды Ashyq қосымшасы арқылы кіргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 6 мамырдағы қаулысына сәйкес, жолаушылар әуежайға келгенше Ashyq мобильді қосымшасын жүктеп, өз статусын тексеруі қажет.

Ashyq қосымшасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына 12 мамырдан, ал Алматы әуежайына 21 мамырдан бастап енгізіледі.

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі нақтылағандай, егер қосымша болмаса, тексеру ЖСН немесе кіреберістегі төлқұжат арқылы жүзеге асырылады.

«Ashyq» қосымшасындағы ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы мәліметтер қорымен интеграциялану арқылы түседі және жолаушының мәртебесі анықталады. Яғни, ол қазіргі уақытта вирус тасымалдаушысы ма, жоқ па, анықталады.

Қосымшада QR-кодты сканерлеу арқылы келушінің статусын анықтайды:

Егер адам коронавирустың ПТР сынағынан өтіп, оң нәтиже алса, «қызыл» статус беріледі. Мұндай статус иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау қажет.

«Сары» белгі инфекция жұқтырған адамдармен байланысқа түскен адамдарға тағайындалады. Оларға азық-түлік алуға немесе үй жанындағы дәріханаға шығуға рұқсат бар.

Бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.

«Көк» түс – ПТР тест талап етілмейтін жерлерде еркін жүреді.

«Жасыл» түс – еркін жүре алатын адам.

Сондай-ақ 1 шілдеден бастап қосымша арқылы адамның вакцина қабылдаған-қабылдамағаны да көрінеді.


Up