Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматы денсаулық басқармасы басшысының орынбасары қызметінен кеткен жоқ - агенттік

23 May 2022 17:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиді қызметінен босату туралы шешім қабылдаған еді. Алайда ол жұмысынан әлі босатылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Лаура Мырзағали денсаулығына байланысты демалысқа шықты. Сондықтан жұмыстан шығару туралы шешім ол жұмысқа оралғаннан кейін қабылданады»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы шешім қабылдап, басқармаға ұсыныс жасаған болатын.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек болған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видео пайда болған еді.


Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті дәрігер Лаура Мырзағалиға қатысты тексеру басталғанын мәлім етті.
Up