Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы қаласы коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша көш бастап тұр

18 October 2021 11:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1370 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 қазан күні 1370 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 572, II компонентін 798 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 17 қазан аралығында қалада 978 172 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 911 923 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 755 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОО-ларында вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Up