Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бағдаршамға соғылған жүргізуші мерт болды

26 July 2021 12:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 22 жастағы жүргізуші көлігін басқара алмай, бағдаршам бағанасын соққан. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы шілде күні сағат шамамен 07:44-ке Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

«1999 жылғы А. есімді жүргізуші «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін басқару кезінде Сайын көшесінен солтүстікке қарай, Шаляпин көшесімен қиылысар тұста көлігін басқара алмай, 9-шы шағынауданның 24-ші үйінің маңында кедергіге (бағдаршам бағаны, ред.) соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан жүргізуші оқиға орында көз жұмды. Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 3-бөлімі 345-бабы бойынша Алматы ПД СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу жалғасуда», - деп ақпараттандырды Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.


Up