Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

22 September 2021 10:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6323 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 қыркүйек күні 6 323 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 417, II компонентін 3 906 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 қыркүйек аралығында қалада 933 678 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 827 239 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 036 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Up