Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда коронавирус жұқтырған 75 бала ауруханада жатыр

17 September 2021 15:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2738 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 651 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 601, симптомсыз – 50 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 264, келіп түскені – 261.
«Инфекциялық стационарларда 2 738 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 75 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 265 адам жатыр.
Ал 48 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 121 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 84 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 019 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5 866 науқас. 153 адамда коронавирус белгілері жоқ.
Up