Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда үнді штамына байланысты карантин күшейтіле ме

23 June 2021 13:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында үнді штамына байланысты қалада жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта бүкіл жерде енгізіледі. Бірақ біз Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Бәріміз білеміз, 22 маусымда ведомствоаралық комиссия басшысы бас санитар дәрігерге халыққа қызмет көрсету саласындағы адамдарға міндетті вакцина салуға қатысты шара қабылдауды тапсырды», - деді ол.

Жандарбек Бекшин қауіпті індетті жұқтыруға болатын негізгі орындарды атады.

«Қала тұрғындарының 28% - супер-гипермаркеттерде, 5% - СОСО мен сауда үйлерінде, 3% - азық-түлік сатпайтын дүкендерде жұқтырған. Қоғамдық көлікте коронавирус жұқтыру ықтималдығы - 17%, базарда - 12%, тамақтану орындарында - 7%, саябақтар мен жаяу жүргіншілер көшесінде адамдардың жиналуы 4% байқалады»,-деді ол.

Бұл ретте Жандарбек Бекшин Ashyq нысандарында жұқтыру жағдайы тіркелмегенін айтты.

Алматы қаласының санитар дәрігерлері мен эпидемиологтарының айтуынша, қауіпті аймақта 20-38 жас аралығындағы тұрғындар тіркелген.

Бұл жас тобында 38% инфекция тіркелген, бұл олардың арасында ерікті вакциналау белсенділігінің төмендігін көрсетеді.

40 пен 60 жас аралығындағы алматылықтардың 25%-ы да инфекцияға бейім, ал 70 жастан асқан адамдар індет жұқтырғандардың 20% құрайды.

Сонымен қатар, ол Алматының «жасыл» аймаққа өтуі үшін халыққа эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтау қажет екенін атап өтті.

«Бетпердені дұрыс тағу керек, әсіресе қоғамдық орында, соның ішінде қоғамдық көлікте әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін белсенді түрде вакцина алыңыз. Көпшілік іс-шараларға, соның ішінде той мен басқа да отбасылық мерекелерге қатыспау әрі ұйымдастырмау керек. Ең бастысы, эпидемиологиялық ахуалдың «қызыл» аймағындағы өңірлерге шықпаған жөн», – дейді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.


Up