Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жоғалып кеткен 14 жасар қыз басқа қаладан табылды

18 September 2021 11:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз Есік қаласынан табылды. Бұл туралы LIDER.KZ қауымдастығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөсіпірімді Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Есік қаласынан тапты. Оқушы дін аман, ата-анасына табысталды.

«Іздестіру жұмыстарына атсалысқан және ақпарат таратқан барлық адамдарға алғыс айтамыз», - деп жазды LIDER.KZ қауымдастығының еріктілері.

Еске салайық, Зоя Яркова 16 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы мектептен шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған болатын.


Up