Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілді.

22 January 2022 12:10

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма мәліметінше, «Спутник Лайт» вакцинасы ревакцинацияға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакциналауға арналған.

Вакцина 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады.

Айта кетейік, ревакцинация вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді.

Спутник Лайт – векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас.

«Алматыда ревакцинацияға арналған мынадай вакциналар бар: QazVac, VeroCell және Спутник Лайт. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады» деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Up