Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматылықтар 25 мамандық бойынша тегін курстарда оқып, стипендия алады

20 May 2022 00:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы жұмыссыз азаматтар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін кәсіби курстардан өте алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Алматыда қысқа мерзімді курстарда 600-ден астам адамды оқыту жоспарлануда.

«Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында 25 мамандық бойынша оқытуды ұсынатын қаланың 24 оқу ұйымы жұмыспен қамту орталығымен бірге жұмыс жасауға дайын. Жұмыспен қамту орталығы, оқу орталығы, жұмыс беруші мен курс тыңдаушысы арасында төрт жақты келісімшарт жасалады. Курстар аяқталған соң тыңдаушыларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі», - деп жауап берді Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы агенттіктің жіберген сауалына.
Оқу мерзімі - үш ай. Оқу кезінде курс тыңдаушысына 20 мың 948 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Курс аяқталған соң, тыңдаушыға сертификат беріліп, жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі.
Курстарға жазылып, оқудан өтуге тек Алматы қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген жұмыссыз азаматтар ғана өте алады. Курстарға жазылу үшін Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мегополисте ең көп сұранысқа ие мамандықтарды айтқан болатын.


Up