Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанада оқушыларға арналған қосымша білім орталығы ашылады

25 May 2022 14:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусым - балаларды қорғау күніне орай оқушыларға арналған жаңа білім орталығы ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша жеке инвестордың есебінен оқушылар сарайын салып жатырмыз. 1 маусым - балаларды қорғау мерекесі «Білім парк» қосымша білім орталығы ашылады. Ол жерде 1,5 мыңнан астам бала қосымша білім алады. Оның ішінде математика, физикадан қосымша сабақ, компьютерлік сауат, музыка және басқа да үйірмелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар биыл елорадада аутизм орталығы ашылады. Орталықтан ерекше күтімді талап ететін балаларға бар жағдай жасалады», - деді Алтай Көлгінов қалалық мәслихаттың 25-ші кезектен тыс сессиясында.

Сондай-ақ, қала басшысы астаналық педагогтардың жағдайына тоқталып өтті.

«Биыл педагогика мамандығына оқуға түсуге ниетті түлектер үшін 1400 грант бөлеміз. Балаға берілетін білімнің сапасын арттырамыз десек, педагогтардың да жағдайын ұмытпауымыз керек. Бүгін таңертең астаналық мұғалімдердің қатысуымен «Ұстаздар аллеясының» ашылуына қатыстым. Биыл елордалық оқушылар түрлі олимпиададан 99 медаль әкелді. Соның ішінде 24-і - алтын медаль. Бұл - ұстаздардың еңбегі», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада үш ауысымды мектептердің саны 2 есе азайған.


Up