Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астаналықтар медқызметкерлердің дөрекілігі мен өз жұмысын білмейтініне жиі шағымданады

19 May 2022 22:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін қызметтер мен оның сапасына түрлі шағым келіп түседі. Соның ішінде медицина қызметкерлерінің дөрекі сөйлеуі мен жұмысын білмеуіне де қатысты да шағымдар бар. Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындар көбіне консультативтік-диагностикалық қызметтердің жетімсіздігіне, құрал-жабдықтың болмауы, кезекті ұзақ күту, жолдама бермеу және кадр жетіспеушілігі бойынша шағым түсіріп жатады. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің дөрекі сөйлеуі мен қызметін білмеуіне де қатысты шағымдар бар. Одан бөлек, медициналық қызмет сапасы мен қызметтерді ұзақ күту бойынша арыз түсіп жатады. Жалпы алғанда шағымдардың дені тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді дұрыс ұйымдастыруға қатысты. Аталған мәселелер сол жерде, яғни қызмет көрсетілген медициналық ұйымда шешімін табуы тиіс», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров ZOOM платформасында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, түскен бүкіл шағым бойынша шара қабылданып, өтініш иелеріне жауап беріледі.

«Өтініштер мен шағымдардың негізгі бөлігі «1406» байланыс орталығы мен «Qoldau» 24/7 мобильді қосымшасы арқылы түседі. Ол өтініштер 3 деңгейлі өңдеуден өтеді. Тұрғындармен тұрақты кері байланыс бар», - дейді ол.


Up