Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 2025 жылға дейін 7 млн көшет егіледі

21 October 2021 02:28

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 2025 жылға дейін 7 млн көшет егіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиеваның мәліметінше, Атырау облысында ормандарды молықтыру мен орман өсірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленген.

«Атырау облысында алдағы бес жылда 7 млн көшет егу жоспарланып отыр. Биыл 309 гектар аумаққа 905 мың көшет егу жоспарланып, көктемде 250 гектарға 700 мыңнан астам көшет егілді. Көшеттің қалғанын осы күзде егу көзделіп отыр. Көшеттер Құрманғазы, Индер, Махамбет аудандарының орман алқабында, Атырау қаласының аумағында, сондай-ақ, елді мекендерде отырғызылады. Егілген көшеттерді күту, суару, отау секілді жұмыстарды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жүзеге асырады» - дейді Нұргүл Қалиева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда «Бұл – менің ағашым» акциясы аясында 1 мыңға жуық көшет егілгенін жазған едік.


Up