Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 6 айда 23,4 млн тонна мұнай өндірілді

15 July 2021 02:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биылғы 6 айда 23,4 млн тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инноваиялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мәмбетовтің мәліметіне сүйенсек, биылғы бірінші жартыжылдықта өндірілген мұнай көлемі 23,4 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштің 99,8%-ын құраған.

«Мұнайлы өңірдегі ең ірі жоба – Теңіз кен орнында 13,5 млн тонна «қара алтын» өндірілді. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеріп жатқан NCOC компаниясы өндірген мұнай көлемі – 7,4 млн тонна. Ал, «Ембімұнайгаз» АҚ 1,2 млн тонна мұнай өндіруге қол жеткізді» -дейді Қаныш Мәмбетов.

Оның айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында қаңтар-маусым айларында 2589,7 мың тонна шикізаттық «қара алтын» өңдеу жоспарланған. Алайда, жыл басынан бергі 6 айда аталған зауытта 2 586,7 мың тонна мұнай өңделген. Осылайша, жоспар 98,2%-ға орындалған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау жылына 60 млн тонна мұнай өндіретіні хабарланған болатын.

Up