Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында биылғы шомылу маусымында 28 адам суға батып кетті

18 September 2021 14:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында су айдындарына 28 адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті​ азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бақыт Аблановтың мәліметінше, су айдындарында қаупі басым 70 учаске бар.

«Су айдындарынан балық аулауға барушылар, жағалауда демалушылар арасында суға кету деректері азаймай отыр. Өйткені, тұрғындар арнайы жабдықталмаған орындарда шомылады. Мәселен, Махамбет ауданында – 19, Атырау қаласының аумағында – 17, Қызылқоғада – 15, Индерде – 10, Жылыойда – 7, Құрманғазы ауданында 2 қауіпті учаске орналасқан. Биылғы шомылу маусымында қауіпті учаскелерде 28 адам суға батып кетті. Оның ішінде 10 бала бар» -дейді Бақыт Абланов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жыл басынан бері 26 адам суға кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Up