Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті

24 July 2021 13:59

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі қабатты дүкен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Құрманғазы ауданында болған.

«Құрманғазы ауылында 22 шілдеде сағат 16:40-та екі қабатты дұкеннің өртенгені туралы хабар түсті. Жалынды сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Дүкеннің 800 шаршы метр аумағын шарпыған өрт сағат 18:10-да сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенген болатын.


Up