Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда карантин талабын бұзғандарға 83 млн теңге айыппұл салынды

17 September 2021 14:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантин талаптарын орындамаған нысандар мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 83 млн 618 мын 515 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс бойынша 64 мониторинг тобы құрылды. Оның құрамында әкімдік, денсаулық сақтау, ішкі істер және басқа құзырлы органдардың өкілдері бар. Мобильді топтың мақсаты – өңірдегі карантин талаптарының сақталуын қадағалау. Жыл басынан бері 51 713 нысанға 12 501 рейд жүргізілді. Нәтижесінде мобильді топ өкілдері 850 құқық бұзушылықты анықтады. Мониторинг тобының өкілдері анықтаған, яғни карантин талабын бұзған шағын және орта бизнес нысандары мен жеке тұлғаларға 83 млн 618 мың 515 теңге көлемінде 596 айыппұл салынды», - деді Бақытгүл Хаменова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қыркүйек айында облыс бойынша 366 рейд жүргізіліп, 1696 нысанның жұмысы қадағаланған.

Және тексеру нәтижесінде 31 әкімшілік іс қозғалып, 1 млн 939 мың 805 теңгеге айыппұл салыныпты.

Бұған дейін аталған облыс әкімінің орынбасары өңірде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасалғанын айтып өткен еді.


Up