Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда коронавирус жұқтырған 67 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

23 July 2021 15:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус жұқтырған 67 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қауіпті вирусқа шалдыққандардың арасынан жағдайы ауыр 67 науқас жансақтау бөліміне түскен.

«Қазір 3040 төсек-орны бар инфекциялық стационарларда 1 182 науқас жатыр. Бұл стационарлардағы жүктемені 38,8%-ға жеткізді. Ал, стационарлардың 113 орындық жансақтау бөлімдерінде 67 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 11 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме жүктеме 59,2%-ды құрайды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын хабарлаған болатынбыз.


Up