Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда суға батқан екі жасөспірім қыз құтқарылды

20 June 2021 23:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда суға батқан екі жасөспірім қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусымда сағат 16:45-те жедел құтқару жасағының құтқарушылары М.Шуленов пен Т.Избулов «Атырау» спорт және сауықтыру кешені аумағындағы жазғы жағажайда суға батып кете жаздаған екі жасөспірім қызды құтқарып қалған.
«Құтқарылған 14 жастағы екі жасөспірім қыз дәрігерлік көмекті қажет етпеді. Жергілікті полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ата-аналарын шақырып, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Up