Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда үш көліктің соқтығысуы: Полиция ресми ақпарат таратты

29 September 2021 00:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бірден үш көлік соқтығысқан жол апатына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйекте сағат 21:00 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы Азаттык даңғылы мен Ө.Атамбаев көшесінің қиылысында Nissan Almera автокөлігі бағдаршамның тыйым салынған түсіне тоқтамай, жолдың қарсы бағытындағы бағдаршамда тұрған Лада Приора мен Hyundai Accent көліктеріне соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Nissan Almera автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жүргізушінің дене жарақаты ауыр емес», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған жол апатына байланысты іс-құжаттар жинақталуда.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырауда 3 көліктің соқтығысуынан адамдар зардап шеккенін жазған болатынбыз. Полиция департаменті ресми ақпарат беруге уәде еткен еді.





Up