Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауғанстанға 28 тонна медициналық жүк жеткізілді

23 October 2021 16:13

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Осы аптада өткен Еуроодақ көшбасшыларының саммитінде мүше елдер Ауғанстандағы жағдайды тағы да талқыға салды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Еуропалық комиссия басшысы У. Ляйен Еуроодақтың Ауғанстан халқы мен оған іргелес жатқан елдерге гуманитарлық көмек ретінде 1 миллиард еуро жіберетінін растады.

Одан бөлек, Еурокомиссия ЕО-ның гуманитарлық әуе рейсінің арқасында аса қажет 28 тонна медициналық жүктің жеткізілгенін хабарлады.

ЕО қаржыландыратын әуе рейстері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен гуманитарлық ұйымдарға аса қажет медициналық көмекті мұқтаж жандарға жеткізуге мүмкіндік береді.

«Бұл ЕО-ның осы жылдың тамызынан бастап жіберген үшінші гуманитарлық рейсі. Бұл әуе рейсі медициналық көмекке мұқтаж ауғандықтарға «құтқару белдемшесі» іспетті. Алайда гуманитарлық ахуал нашарлап бара жатыр. Келе жатқан қысты ескере отырып, барлық халықаралық қауымдастықтарды миллиондаған ауғандықтарға көмек көрсетуге шақырамын», - деді ЕО-ның дағдарыстық жағдайларды басқару жөніндегі комиссары Янез Ленарчич.

Жүк ота жасауға арналған құралдар мен медициналық препараттардан тұрады. Бұған қоса, алдағы уақытта Кабулға тағы да гуманитарлық жүк жіберу жоспарланған.


Арнұр Рахымбеков


Up