Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аустралия парламенті қызметкерлердің бірінен коронавирус анықталуына байланысты жабылды

6 December 2021 04:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустралия парламенті қызметкерлердің бірінен коронавирус инфекциясы анықталуына байланысты жабылды. Қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ қызметкерлер үшін ғана ғимаратқа кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Ослода шамамен 120 адам Рождество алдында ұйымдастырылған мерекелік корпоративте коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сынамаларға жүргізілген талдауға сәйкес вирус жұқтырғандардың жартысына жуығында «омикрон» штамына күдікті жағдай анықталса, 13 адамда бұл штам дәл расталды.

Берлин полициясы ковид-диссиденттер акциялары кезінде 58 адамды ұстады. Сонымен қатар екі тәртіп сақшысы зардап шегіп, бірнеше журналистке шабуыл жасалды. Бұған дейін Берлин билігімен мұндай акцияға тыйым салынған болатын.



Up