Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Білім мекемелеріне Ashyq жүйесін енгізу мәселесі пысықталып жатыр – Айжан Есмағамбетова

28 July 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Ashyq жүйесін мектеп пен балабақшаларға енгізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір балаларды қыркүйектен бастап оффлайн режимде оқыту мәселесі пысықталып жатыр. Әрине, мектепте білім алатын балалардың саны қазір айтарлықтай көп – 3 миллионнан асады. Біз де балалардың мектептен үйіне вирус апару немесе үйінен мектепке вирус алып келу қатері бар екенінен қауіптеніп отырмыз. Сондықтан мектептерге, мектепке дейінгі білім ұйымдарына, жоғары оқу орындары мен арнайы білім беретін орындарға Ashyq жүйесін міндеттеп енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ нақты бір шешім жоқ», - деді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, ол білім ошақтарына Ashyq жүйесін енгізген күннің өзінде смартфон алып жүрудің қажет болмайтынын түсіндірді.

«Мұғалімдерге бүгінде біз міндетті талап қойып отырмыз. Медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мұғалімдердің бәрі офлайн режимде жұмыс істеуі үшін екпе алуы керек. Бұл балалардың қауіпсіздігі үшін қажет болғандықтан, міндетті талап. Сонымен қатар, бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша Ashyq жүйесінің аясында смартфоны жоқтар ЖСН-ін көрсету арқылы статусты анықтау мүмкіндігі бар», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы.


Up