Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды

18 September 2021 09:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 16 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 59 адам - коронавирустан, тағы 15 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 12 науқас.

Алматы қаласында - 10, Қызылорда облысында - 8, Ақмола облысында - 6, Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында - 5, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстарында - 2, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Түркістан және Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.



Up