Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл көмір бағасы қанша болады

14 September 2021 11:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде көмір бағасы өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты», - деді министр.

Оның атап өтуінше, алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық және тұрғындар үшін қажетті көмір көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды.

Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға - 2,8 млн тонна, халыққа 6,4 млн тонна көмір қажет.


Up