Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Brent мұнайының бағасы 2018 жылдан бері бірінші рет 85 доллардан асты

15 October 2021 16:47

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Үлкен сұраныс салдарынан туындаған әлемдік энергетика нарығындағы дағдарысқа байланысты Brent маркалы мұнайының бағасы 2018 жылдан бері бірінші рет 85 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайының фьючерстері лондондық биржада 1,3 пайызға көтеріліп, барреліне 85,10 долларға жетті. Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сәйкес, бұл мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуынан туындап отыр. Ал оған, әсіресе, Азиядағы газ бен көмір тапшылығы себепші.

Brent маркалы мұнайының бағасы осымен алты апта қатарынан әлемдік энергетика нарығындағы дағдарысқа байланысты өсіп отыр. Себебі пандемиядан кейін ашыла бастаған ірі елдер тарапынан сұраныс артты.

Әлемдік мұнай тасымалдау нарығындағы жағдай да қиын. Қытай үкіметі 16 жеке зауытта мұнай импортына квоталар енгізді.


Up