Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бурабайда бес адам мінген қайық аударылды

20 June 2021 19:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай көлінде бес адам отырған қайық аударылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 17:45-те Бурабай ауданындағы Бурабай көлінде ТЖД күшімен бес адам құтқарылып, жағаға жеткізілді, олар отырған шағын яхта жүзу кезінде аударылып кетті», - делінген ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің мәлімдесінде.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы ретте, ҚР ТЖМ дауыл кезінде көлде суға шомылуға және қайықпен жүзуге болмайтындығын ескертеді.


Up