Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Чилиде коронавирустың таралуы азайды

1 August 2021 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чили шектеулер мен вакцинацияның арқасында COVID-19 таралуы мен ауруханаға жатқызудың ең төменгі деңгейіне қол жеткізді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

«Чилиде коронавирус таралуының төмендеуі тіркелді. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 1 152 жағдайы тіркелді. Денсаулық сақтау министрі Энрике Паристің айтуынша, бұл пандемия басталғалы ең төмен көрсеткіш» делінген хабарламада.

Қабылданған шектеулер мен вакцинацияның арқасында қазір Чили COVID-19 таралуы мен ауруханаға жатқызудың ең төменгі деңгейіне қол жеткізді. Жалпы алғанда, елде 1 615 771 ауру жағдайы тіркеліп, 35 448 адам көз жұмды.


Up