Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Димаш Азияның 100 сымбатты жігіті рейтингінде әлі көш бастап келеді

26 September 2021 14:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) әлі көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kingchoice.me сайтында жүргізіліп жатқан дауыс беру 30 қыркүйек күні аяқталады.

Ал бүгінгі деректерге сәйкес, жанкүйерлерінің 7 млн 798 мың дауысын жинаған Димаш Құдайберген бірінші орында тұр.

Ал екінші орындағы Оңтүстік Кореяның BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin) 7 млн 371 мың дауыс жинаған. Үздік үштіктің қатарында тағы корейлік өнер иесі бар. Актер Ча Ынудың 1 млн 350 мың дауысы бар.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосқан болатын. «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев та әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырған еді. Бұл үндеу жасотандықтар арасында челленджге ұласты.





Up