Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екі күн бұрын жоғалған 47 жастағы азаматтың денесі Сырдариядан табылды

17 June 2021 02:49

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 14 маусымнан бері хабарсыз кеткен. Сүңгуірлер 15 маусымда 13.00-тен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысынан 1,2 шақырым аралықта іздеу жұмыстарын жүргізді.

«Құтқарушылар Талсуат елді мекеніне дейін моторлы қайықпен су бетімен 15 шақырым аумақты қарап шықты. Сондай-ақ«Ягодка» саяжайына іздестіру жүргізілді. Ол күні 20.33 минутта іздестіру шарасы уақытша тоқтатылды. Бұл жұмыстар 16 маусымда таңғы сағат 05.30-дан бастап қайта жалғасты. Нәтижесінде сағат 16.30-де оның мәйіті судан шығарылып, туыстарына табысталды», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, іздестіру жұмыстарына барлығы 15 адам мен 6 автокөлік, оның ішінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 8 құтқарушысы мен 3 техника жұмылдырылды.

Жыл басынан бері облыcта 19 адам суға кеткен. Оның 13-і бала. Қызылордада жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті.


Up