Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экология министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты мәселеге түсінік берді

17 September 2021 17:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талдыкөл - су объектісі. Әкімдік өз құзыреті шегінде су қорының жерлерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру туралы қаулы шығарды. Су қорының жерлері басқа санаттарға табиғи немесе жасанды түрде жойылған, сондай-ақ су объектісінің көлемі кішірейген кезде ауыстырылады.Көлдің қай бөлігі табиғи себептермен жоғалып кеткенін, су жинау алаңын салу нәтижесінде көлдің көлемі қаншалықты кішірейгенін зерттеу қажет. Осыған байланысты қосымша зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдануы тиіс», - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, министрлік Кіші Талдыкөл су объектісі ретінде қалдырылсын деген ұстаным білдірді.
«Бұл ретте, қала құрылысының салдарынан көлге түсетін жаңбыр және еріген сулардың ағыны азайғанын назарға ала отырып, оны қосымша толтыру мен айналымға енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет», - деді Экология министрлігі.

Up