Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада автокөлік жол белгісіне соғылып, аударылды

28 January 2022 12:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жол белгісіне соғылған көлік аударылып түскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қаңтарда сағат 05:22-де «Honda» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай жүріп келе жатып, жол белгісіне соғылған. Соққыдан көлік аударылып қалған. Көлік тізгіндеген ер адамның орташа деңгейде мас екені дәлелденді.

Жарақат алуына байланысты жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін жіберілді», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ал апатқа түскен көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге мас күйде көлік жүргізу қауіпті екенін ескертеді. Айналаңыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеңіз. Жақындарыңыздың мас күйде рульге отыруына жол бермеңіз. Мұндай заң бұзушылар туралы білсеңіз, дереу «102» телефонына қоңырау шалуға немесе ұялы қосымшаның көмегімен полицияға хабарлауға болады», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Up