Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін финалға шыққан командалар анықталады

6 May 2021 17:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 6 мамырда UEFA Еуропа лигасы финалына жолдама алған командалар анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда «Рома» (Италия) мен «Манчестер Юнайтед», «Арсенал» (Англия) мен «Вильярреал» (Испания) кездеседі.

Алғашы кездесуде «Рома» мен «Манчестер Юнайтед» жұбы шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бүгінгі ойында италиялық клуб сапында жарақат алған футболшылар жоқ. Ал ағылшындық клубтан Антони Марсьяль, Фил Джонс, Маркус Рашфорд, Эрик Бейи мен Виктор Линделёф кездесуді алаңның сыртынан тамашалауға мәжбүр.

Кездесуде германиялық Феликс Брих бас қазы қызметін атқарады. Ал отандастары - Марк Борш пен Штефан Лупп көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Феликс Цвайер.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Манчестер Юнайтед» 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші кездесуде «Арсенал» мен «Вильярреал» командалары жасыл алаңға шығады. Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда құрамында да жарақат алғандар бар. Атап айтқанда, «Арсенал» сапынан Киран Тирни пен Александр Ляказетт кездесуден тыс қалса, «Вильярреал» құрамынан Рамиро Герра, Висенте Иборра және Хуан Фойт сондай жағдайды басынан өткізіп отыр.

Кездесуде словениялық Славко Винчич бас қазы болады. Оған Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Матей Юг.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Вильярреал» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Финал 26 мамырда Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга Гданьск» стадионында өткізіледі.


Up