Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» мен «Қайрат» қарсыластарын ірі есеппен жеңді

19 May 2021 00:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турындағы алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын Оралдың «Ақжайығы» Түркістанда «Тұранды» 2:0 есебімен жеңгенін хабарлаған едік.

Екінші кездесуде Алматыда «Қайрат» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында алматылық клуб сапынан Артур Шушеначев 7, 36, Хосе Канте 50, Небойша Косович 86-минуттарда гол соқса, оған «Ақтөбе» құрамынан Дидар Жалмұқан 41, Эрвейн Мукам 53-минуттарда екі голмен жауап қайырды. Осылайша «Қайрат» үш ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

Елордалық «Астана» Қызылордада «Қайсарды» 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Кездесуде елордалық командадан Марин Томасов 31, 61, Вараздат Ароян 36, Макс Эбонг 46, Роман Муртазаев 47-минуттарда мергендік танытты. Ал алаң иелері қатарынан Егор Потапов 43, Стефан Денкович 87-минуттарда гол соқты.

Әзірге турнир кестесінде «Астана» 32 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 22, «Ақжайығы» 21 ұпайы бар.

Енді 15 мамырда 18.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тараз» бен «Жетісу» (Талдықорған) командалары жасыл алаңға шығады. Аталған турды 20.00-де «Атырау» мен «Ордабасы», «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесулері түйіндейді.



Up