Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қарағанды облысында 40 мың тұрғын жұмыспен қамтылады

22 May 2022 05:01

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл 41 мың адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 41 мың адам жұмыспен қамтылады. Өңірдің жұмыссыз тұрғындары «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларын пайдалана алады.

«Жастар тәжірибесі» жобасына колледждер мен жоғары оқу орындарының 29 жастан аспаған түлектері қатыса алады. Биыл осы бағдарлама бойынша 721 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Жастар тәжірибесінен өту ұзақтығы 12 айға дейін созылады. Сондай-ақ 30 АЕК мөлшерінде жалақы есептеледі.

«Бірінші жұмыс орны» жобасына жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, сондай-ақ NEET санатындағы 29 жастан аспаған жастар қатыса алады.

«Бұл ретте жобаға қатысушылар 18 ай ішінде мемлекеттен 30 АЕК мөлшерінде субсидияланған жалақы алатын болады. Жыл басынан бері өңірде осы бағдарлама бойынша 40 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін 238 адамды қамтуды жоспарланып отыр. Бұдан басқа, зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыру үшін өңірде «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы іске асырылуда», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын да .

Биыл жобаға қатысу үшін екі адам жіберілді. Жыл соңына дейін 34 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Өңір тұрғындары электрондық еңбек биржасының www.enbek.kz порталы арқылы жұмыс таба алады және жобаларға қатысуға өтінім бере алады. Бүгінгі таңда оның базасында 8222 бос жұмыс орны бар. Цифрлық платформаны ұялы телефон арқылы да, өзіне-өзі қызмет көрсетудің 32 аймағы жабдықталған Облыстың ХҚКО-ларында да пайдалануға болады.

Up