Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағанды облысында педофил 24 жылға бас бостандығынан айырылды

22 October 2021 15:45

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 24 жылға бас бостандығынан айырылды, ол бес жасар баланы ұрлап, оны зорлауға тырысқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас баланы ұрлау және зорлау әрекеті қоғамдық резонанс тудырды. Бұл Қаражал қаласында болды. Зорлаушы 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көрсеткіші 6,3% - ға төмендегені байқалады. Ювеналды полиция қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізуде», - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин халыққа онлайн есеп беру кездесуінде.

Еске сала кетейік, резонанс тудырған жас қызды ұрлау осы жылдың сәуір айында Қаражал қаласында болған еді.

Қыздың ата-анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бала 55 жастағы ер адаммен бірге қараусыз қалған үйден табылды.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Up