Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарағандыда полицейлер өрттен жеті адамды құтқарды

22 October 2021 18:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды полицейлері өрт кезінде 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығы патрульдік полиция полкінің жасақтарына жеке сектордағы үйдің бірі өртеніп жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына бірінші болып полиция аға лейтенанты Бауыржан Түсіпбеков, полиция лейтенанты Ильдар Қасенов жеткен. Патрульдік экипажы келгенде жеке үйдің шатыры жанып жатқаны белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, іште екі ересек және екі бала қалған. Полицейлер еш ойланбастан өрт ішінде үй иелерін құтқаруға кіріскен. Олар барлық адамды көшеге алып шыққан. Осы уақытта жалын көрші үйді шарпи бастаған. Онда екі ересек пен бала болған.

«Әріптестеріне көмекке құрамында полиция аға лейтенанты Құрмет Құнанбаев, полиция лейтенанты Азамат Әкімжанов, рота командирінің орынбасары Ілия Жақанов бар экипаж келді. Олар екінші үйден адамдарды жедел эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келген соң полицейлер қызметін жалғастырды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.





Up