Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Шымкентте үйлену тойына 200 адам жиналған

1 August 2021 12:52

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Учаскелік полиция инспекторлары карантин режимінің сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топпен бірлесіп профилактикалық шаралар жүргізу барысында 200-ге жуық қонақтың қатысуымен үйлену тойы өтіп жатқан тойхана анықталды, деп хабарлайды ҚахАқпарат Шымкенттің Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шара Абай ауданы Арғынбеков көшесінде орналасқан ғимаратта өтіп жатқан.

Тойхана иесі мен салтанатты тойдың ұйымдастырушысы қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды елемей, адамдардың денсаулығына қауіп төндірген. Оларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту үшін қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлері өзгертілді.


Up